Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 12 маусымда, өтіп жатқан ант қабылдау рәсімінде қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Президент еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау басты мақсаты екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Тоқаев: Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым

«Президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді. Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси ұстанымдары мен көзқарастарына қарай бөлуге жол бермеймін. 
Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды міндетті түрде ескеремін. Ашық және әділ жұмыс істеймін. Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай қызмет ету. Біздің бір ғана отанымыз бар. Тағдырымыз бір. Халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірлесе жұмыс істейміз», - дейді Тоқаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаетың зор еңбегін атап өтті. 

«Ақиқатын айту керек, бұл сайлауда азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап, дауыс берді. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның көк туын дүниежүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті.

Осы күндері менің атыма азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілек келіп түсуде. Олардың бәрінде бір ғана тілек – Елбасымыздың жолын, стратегиясын сақтау және оны одан әрі нығайту. Шын мәнінде, халықтың дәл осындай өтініш-тілек айтуы заңды, орынды. Себебі қазіргі дамыған Қазақстан – бұл, ең алдымен, Елбасының арқасы.

Елбасы қазақ мемлекетінің негізін қалаушы ұлы тұлға. Ол – жаһандық деңгейдегі мемлекет қайраткері. Әлем тарихына осылай жазылды. Елбасының халқымыз үшін және әлем қауымдастығы үшін сіңірген зор еңбегін құрметтеу – бәрімізге ортақ парыз», - дейді президент.

Айта кетсек, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, қызметіне кірісті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр