Қазақстанның кей аймақтарында алдағы күндері нөсер жауады

"Қазгидромет" 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазгидромет" синоптиктері 6-8 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, батыс циклоны Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтап, бірқатар өңірлерде найзағайлы жаңбыр, екпінді жел, дауыл және бұршақ жаууы мүмкін.
Қатты жауын-шашын 6-8 маусым күндері еліміздің батысында, 6 маусымда солтүстіктің шеткі аудандары мен оңтүстік-шығыста және 8 маусымда солтүстік-батыс өңірлерде болады.
Ал кезеңнің басында шығыс пен орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Күндізгі ауа температурасы:
- Батыста: +20…+30°C;
- Солтүстікте: +28…+35°C;
- Орталықта: +30…+38°C;
- Оңтүстікте: +35…+40°C;
- Оңтүстік-шығыста: +30…+39°C;
- Шығыста: +30…+37°C.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болатынын хабарлаған еді. Мамандардың болжамынша, оңтүстік және орталық өңірлерде жекелеген күндері аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +46°C-қа дейін жетуі мүмкін.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Оқыңыз