"Қасаң пікір": Тоқаев “судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды” деген пікірге тоқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі” атты халықаралық форумда сөз сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін азаматтар үшін мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымданып, өз құқығын қорғау оңай болмағанын атап өтті. Оның сөзінше, әкімшілік әділет жүйесі іске қосылғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерген.
“Ең бастысы, күмән тудыратын мәселелердің бәрі әділетті түрде адал азаматтардың пайдасына шешілетін болды. Ал соттар дәлелдеме жинау жұмысына ерекше мән бере бастады. Бұл – мемлекеттік органдар өздерінің шешімдерін және әрекеттерін заң жүзінде дәлелдеуге міндетті деген сөз.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, статистикаға сәйкес, кейінгі жылдары сот шешімдерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнес мүддесіне сай шығарылған.
“Бұл да әкімшілік әділет жүйесінің нақты нәтижесі екені сөзсіз. Осылайша, қоғамымыз “судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды” деген қасаң пікірден арыла бастады”, – деді Президент.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр