Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы алдында ант берді

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді. 
Ең бірінші Конституциялық қеңес төрғасы Қайрат Мәми сөз алды. 

«Еліміздің тарихында ерекше күн. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Конституциялық қеңес төрағасы ретінде ҚР конституциясының 42-бабына сәйкес, жаңа сайланған ҚР президенті өз қызметіне Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап кірісетінін хабарлаймын", - деп айтты Мәми.

Заңға сәйкес, республика президентi Қасым-Жомарт Тоқаев конституцияға қолын қойып тұрып ант берді.  

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мемлекет басшысына президент куәлігін табыс етті. Міне, осы сәттен бастап президент ресми қызметiне кiрiсті.

Президент анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтты. Ант беру салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, конституциялық кеңес мүшелерінің, жоғарғы сот судьяларының, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылдың  17 мамырында Алматы қаласында танымал жазушының отбасында дүниеге келген. 

1970 жылы 17 жасында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсіп, жоғары оқу орнын тәмамдаған.

1975 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев КСРО сыртқы істер министрлігінде кезекті референт ретінде де жұмыс істеді. КСРО-ның Сингапурдегі елшілігінде қызмет етті. Тоқаев осы бағыттағы жұмысын болашақта да жалғастырды. 

1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Және келесі жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып бекітілді. Ал 1994 жылы сол министрлікті басқарды. Сондай-ақ, 1999 жылдың наурызында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалып, сол жылдың қазан айында үкіметті басқарды.

Тоқаев 2002 жылғы қаңтарда отставкаға кету туралы өтініш береді. Кейіннен оны сыртқы істер министрінің мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындады. Тоқаев онда 2007 жылға дейін жұмыс істеді.

Ал 2007 жылы Тоқаев Қазақстан Республикасының сенат төрғасы болып сайланды. Ол 2007 жылдың маусымынан бастап "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының және "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі болды. 

Президент "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев", "Парасат", "Отан" ордендерімен, сондай-ақ, Ресейдің "Достық" орденімен, Украинаның "III дәрежедегі Ханзада Ярослав Данышпан" ордендерімен марапатталған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр