Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев екі рет жұмыстан босатқан Тараздың экс-әкімі әлі жұмыс таба алмай жүр

Тоқаев екі рет жұмыстан босатқан Тараздың экс-әкімі әлі жұмыс таба алмай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың сөзінен кейін, 4 жыл бұрын жұмыстан қуылған Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев әлі күнге дейін тұрақты жұмыс таба алмай жүр. 2019 жылы 12 жастағы оқушы қыздың мектеп дәретханаларының бірінде зорланғаны туралы бүкіл елді дүр сілкіндірген жағдайдан кейін Досаев қызметінен айырылған болатын.

"Тараз мектебінде 12 жастағы оқушы зардап шеккен оқиғаға байланысты және жұмыстағы жүйелі олқылықтары үшін Жамбыл облысының әкіміне Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды. Облыс әкіміне ескерту жасадым", - деді президент.

2021 жылдың тамыз айында Қайрат Досаевтың облыста жаңа қызметке келгені белгілі болды. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды. Экс-әкім ол жерде үш күн ғана жұмыс істей алды. Президент оқиға туралы біле салысымен, Досаев жаңа қызметінен де шығарылды. Бұл ретте "кадрлық қатені түзете алмаған" облыстың экс-әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жарияланды.

Осыдан кейін Қайрат Досаев Тоқаевқа хат жазып, өзінің "қоғамнан шеттетілген адамға айналғанын" айтты.

"Енді мен шеттетілген адамға айналдым және болған оқиғадан кейін бірде-бір басшы мені жұмысқа алмайды. Көпшілік менің тәжірибемді де, жұмысымды да біледі. Елім үшін еңбек етуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын! Мен де Жаңа Қазақстанның құрылысына қатысқым келеді. Халқымның игілігі үшін еңбек етсем деген жігер мен құлшыныс толы. Мемлекеттік қызметтегі барлық жылдар бойы мен өзімді еш нәрсеге былғаған емеспін және әрқашан ар-ожданым үшін әрекет еттім. Түсіністікпен қарайды деп үміттенемін, Президент мырза!". – деді Досаев 2022 жылдың мамыр айында Тоқаевқа жазған хатында.

Қайрат Досаевтың қайда жүргені туралы ақпарат жақында ғана жарыққа шықты, бұл жолы мемлекеттік қызметте емес. Анықталғандай, Қайрат Досаев 2022 жылдың тамыз айынан бері "Қазақавтожол" ЖШС Жамбыл облыстық филиалының бас инженері болып жұмыс істеп келген. Досаевтың білімі бойынша инженер-механик болғанын, еңбек жолын инженер болып бастағанын ескерсек, оны өз саласына қайта оралды деп айта аламыз. Алайда, жұмысқа орналасқанына жарты жыл өтпей жатып, басшылығы Досаевтан өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуын өтінген. Ол Orda.kz тілшісіне бұл ақпаратты растады. Осылайша бұрынғы шенеунік үш рет жазаланды.

Талқылау