Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев дәрігерлерге: Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттері орын алуда. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды. Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе. Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды", - деді Тоқаев.

Сөзінше, алдағы уақытта бұндай әрекеттерге тосқауыл қойылады. 

"Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады. Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады", -деп қосты президент.

Бұған қоса ол дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз өсіріп, сатып жатқандар жайлы айтып кетті. 

"Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады. Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де  толығымен қамтамасыз етіледі", - деп қосты ол. 


"Әр қазақ – менің жалғызым": Тоқаев 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялады

Талқылау