Тоқаев дәрі-дәрмек бағасын өсіргендер жазаланатынын айтты
Азаматтар дәріханалардағы өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз өсу фактілеріне шағымданады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпара агенттігі.

Тоқаев дәрі-дәрмек бағасын өсіргендер тиісті жазаланатынын жеткізген.
"Азаматтар дәріханаларда дәрі-дәрмектің бағасының негізсіз өсу фактілеріне шағымданып жатыр. Пандемия жағдайында бұлай болуы мүмкін емес. Үкімет пен құқық қорғау органдарына бұл мәселені шешуді тапсырамын. Кінәлілер жауапқа тартылады", - деді мемлекет басшысы.
Осыған дейін денсаулық сақтау вице-министрі людмила Людмила Бюрабекова қазақстандықтардан антибиотиктерді өз бетімен ішпеуді және өзін-өзі емдеумен айналыспауды өтінді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі