Тоқаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Bloomberg халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысы еліміздің одан әрі дамуы туралы көзқарасымен бөлісті. Ол әлеуметтік, қаржылық, экономикалық және инвестициялық тақырыптар бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сұхбаттың көп бөлігі Қазақстанның сыртқы саясатына, аймақтық күн тәртібіне және Америка Құрама Штатымен екіжақты ынтымақтастық жайында болды", - деп жазды Берік Уали өзінің Facebook парағында.
Bloomberg агенттігі – іскерлік әлемде қаржылық мәліметтер мен сараптамалық материалдарды тарату бойынша көпшілік мойындаған көшбасшы. Сұхбаттың бейнежазбасы BloombergTelevision телеарнасынан көрсетіледі және Bloomberg терминалдары арқылы да танысуға болады.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”