Тоқаев білім беру, тәлімгерлік және балалар қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, тәлімгерлік және балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша жарлыққа қол қойды. Заң жобасында қарастырылған нормалардың бірі – сабақта ұялы телефонды пайдалануға шектеу қою. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: news.myseldon.com
Құжатты Ақорда жариялады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды", - делінген құжатта.
Заң жобасында қарастырылған ережелер:
мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салуды есепке алмай, көпқабатты тұрғын үйлер салуға тыйым салу;
терезелердің ашылуын блоктайтын арнайы механизмдерді міндетті түрде орнату;
балабақшалардағы орындармен қамтамасыз етудің бірыңғай басымдығын және мектептерде ұялы телефондарды пайдалану ережелерін белгілеу;
балалар үйінде тұратын кәмелетке толмаған жетім балаларға тәлімгерлік.
Айта кетейік, бұған дейін Депутаттар сабақ үстінде оқушылардың телефон ұстауын шектейтін заңды қабылдағаны туралы жазған едік.