Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында Башқұртстанның Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдаған мемлекет басшысы кездесудің маңызын атап өтті.
“Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қатынастарға тың серпін беру тұрғысынан алғанда бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп кешені және гуманитарлық салалардағы байланыстарымызды әртараптандыру үшін барынша күш саламыз”, – деді Мемлекет басшысы.
Президент бірқатар келісімнің, соның ішінде үкіметтер деңгейінде қол қойылған Ынтымақтастықтың 2023-2024 жылдарға арналған жол картасының табысты жүзеге асырылып жатқанына назар аударды.
Мемлекет басшысы еліміздің өңірлері мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының қарқына оң баға берді.
“Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық деңгейінің көрсеткіші 350 миллион доллардан асты. Бұл ретте Қазақстан Башқұртстан Республикасының жетекші сауда серіктестерінің үштігіне кіреді”, – делінген хабарлама.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы