Тоқаев азық-түлік бағасы жайлы: Нәтижені президент те, халық та көріп тұрған жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Ұлттық банке инфляцияны 8,5%-тен асырмауды тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі Twitter-де мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте азық-түлік бағасына тоқталды.
Президенттің айтуынша, биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 10,4%-ке өскен. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9%-ті құрады.
"... Менің тапсырмаммен делдалдық схемаларды тергеу бойынша өңірлік комиссиялар құрылды. Алайда нәтижені президент те, азаматтар да көріп тұрған жоқ. Президент әкімшілігі мән-жайды анықтап, бір апта ішінде есеп беруге тиіс", - деді Тоқаев.
Ол азық-түлік бағасының қысымымен инфляция 6%-тен асып кеткені айқын екенін айтты. Президент үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны 8,5% шегінде сақтауды тапсырды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"