Тоқаев Астанада сенбілікке шығып, ағаш отырғызды
Фото: akodra.kz
Мемлекет басшысы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Жалпыұлттық іс-шара аясында биыл республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған.
Сондай-ақ Тоқаев Jasyl El ұйымының белсенділерімен кездесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты.

“Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар cіздерден үлгі алады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту