Тоқаев Мәулен Әшімбаевты сенатор етіп қайта тағайындап, жоғарғы палатаның жаңа депутаттарын жасақтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты сенатор қызметіне қайта тағайындап, парламенттің жоғарғы палатасының жаңа депутаттарын тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, сейсенбіде мемлекет басшысының жарлығымен:
Жақып Қажманұлы Асанов;
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
Асқар Оразалыұлы Шәкіров;
Евгений Андреевич Больгерт;
Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
Нурия Исмагиловна Ниязова;
Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;
Геннадий Геннадиевич Шиповских
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары болып тағайындалды.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын