Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Алматының атауын өзгертуді қолдады: Олжас Сүлейменов қандай нұсқа ұсынды?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың Алматының тарихи атауы "Алма-Ата"-ны қайтару туралы ұсынысын қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik басылымына сілтеп хабарлайды. 

алматы

Сурет: Максим Золотухин

Әңгіме барысында жазушы қаланың бұрынғы атауын қайтаруды ірі мегаполистің көптеген тұрғындары қолдайтынын алға тартты. 

"Алма-Ата атауы ауқымды және түсінікті. Кең естіледі, онда нақты тарихи мазмұн бар. Алматы - өте тар адамдар тобы үшін арналған атау. Егер лингвистика тұрғысынан қарасақ, түркі тілдері үшін "ты" емес, "лы" жұрнағын пайдалану дұрыс. Сол кезде Алмалы шығады", - деді "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының көшбасшысы.

Сүлейменов қаланың атауын өзгерту үшін петицияға қол қоятындардың алғашқысы болуға дайын екендігін атап өтті. Сонымен қатар, билік мегаполистің атауын өзгертуде бір жақты пікірмен шешім қабылдай алмайтынын, бұл бастаманы халықпен бірге, қазақстандықтардың қолдауымен қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

"Президент Тоқаевпен кездесу кезінде біз бұл мәселені талқыладық және ол бұл бастаманы қолдады. Бірақ ол халықтың өзі шешуі керек деді.  Мені қала әкімі Бақытжан Сағынтаев да қолдады", - деді Олжас Сүлейменов.

Қазақстандықтар уақыт өте келе оңтүстік астананың бұрынғы атауы – Алма-Ата атын қайтару мәселесін көтеруде. Осы атауда өте терең мән мен ерекшелік жатыр. Өйткені апорттың сирек кездесетін түрі дәл осы атаумен пайда болған.

Алматының атаун қайта өзгертуге қарсы адамдар кез келген өзгеріс бюджет қаражатының қосымша шығындарына әкеп соқтыратынын алаға тартады. Сондықтан атауды өзгертудің қажеті жоқтығын айтады.

Талқылау