Тоқаев Алматыға ұшып келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оңтүстік астанаға жасаған сапарында мемлекет басшысы қаладағы бірқатар инфрақұрылым нысандарын модернизациялау және салу жобаларымен танысады", - деп жазды баспасөз хатшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясын анықтауға арналған мобильді скринингтің жаңа орталығына барып, ботаникалық бақтың қалпына келтірілу барысымен танысады, сондай-ақ салынып жатқан әлеуметтік қызметтер ғимаратында болады.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда