Тоқаев Алматыда "Сергек" камераларының санын ұлғайтуды тапсырды
Бүгін 1 ақпанда Ақордада өткен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда "Сергек" камераларының саны ұлғайтылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы қазір көптеген ірі қалаларда орнатылған камералардың оң әсерін тигізіп тұрғанына тоқталған.
"Қаңтар оқиғалары кезінде басбұзарлар қолымен 500 камераны сындырған Алматы қаласы бойынша тапсырма бердім. Оларды қалпына келтіріп ғана қоймай, камералардың санын ұлғайту керек. Әңгіме біздің азаматтардың іс-әрекетіне қандай да бір жалпы мониторинг немесе бақылау орнату жайында емес. Бұл тұрғындардың тікелей қауіпсіздік мәселесі", - деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті ауыл шаруашылығындағы жемқорлық деректерін сынаған болатын.
Алматы әкімдігі ғимаратына келген шығын 20 млрд теңгені құрайды
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі