Тоқаев Ақордада алғаш рет жаңа ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды.
Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.
Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"