Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджет туралы заңға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған ел бюджетіне қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
“Мемлекет басшысы "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, республикалық бюджетте 2024-2026 жылдарға арналған бюджет тапшылығы 3,534 триллион теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызына тең болады деп жоспарланған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді