Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тыйым салыңыздар": Белгілі блогер ата-аналарды балаларға YouTube-тағы видеоларды көрсетпеуге шақырды

Белгілі блогер Назим Миссанов ата-аналарға маңызды ақпарат айтып, ескерту жасады. Ол желідегі әуезді видеолардың астарында қорқынышты дүниелер барын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

“Құрметті, ата-аналар! Балалары YouTube shorts көретін ата-аналарға маңызды ақпарат. Жақында үй шаруаларымен айналысып жүріп баламның әуезді музыкасы бар видео көріп отырғанын байқап қалдым. Қандай видео көріп отырғанына мән бермеппін. Бірде видеоның өзіне көзім түсіп кетті. Менің не туралы айтып отырғанымды түсіну үшін сіздерге сол видеолардың үзіндісін көрсетемін”, – деді блогер.



Ол көрсеткен бейнежазбаның әуені құлаққа жағымды. Алайда шын мәнінде онда Иса пайғамбар мен шайтанның суреттері, ібілістің балаларды қорқытып, қуып келе жатқан суреттері бейнеленген. 

“Менің балам дәл осы екі видеоны көрді. Сіз өз жұмысыңызбен айналысып жүргенде оның не көріп отырғанын білмейсіз. Бала басын алмай қарап отырғанда сіз ыдыс жуып жатуыңыз мүмкін. Видеоның әуенін естіп сіз ештеңеден күдіктенбейсіз. “Күшті, қызық” видео көріп жатқан болар деп ойлайсыз. Сол себепті балаңызды қорғағыңыз келсе, оған YouTube shorts-ты көруге тыйым салыңыз. Өйткені онда түрлі сандырақ дүниелерді көруі мүмкін”, – дейді Назим Миссанов.

Бұған дейін блогер орамалын шешіп, хиджабтан бас тартқаны туралы айтқан еді.

@missanov

Сделайте репост!

♬ original sound - Missanov

 

Талқылау