"Тістеп алмағынының өзі керемет": Қостанайда супермаркеттен алынған пакеттен жарқанат табылды

Қостанайда супермаркеттен алынған пакеттен жарқанат шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

6 қыркүйекте Қостанай тұрғыны супермаркеттен салат жапырағы салынған пакет сатып алған. Ал таңертең баласына сэндвич жасамақ болған кезде пакеттен тірі тіршілік иесін көрген.

"Кешке мен пакетті тоңазытқышқа салдым. Таңертең оны алдым, жапырақты алдым, жуа бастадым, сол кезде дауыс естілді. Пакет сықырлады деп ойладым. Түзетіп қарасам, пакеттің төменгі жағындағы ыдыста бірнәрсе маған қарап тұр, не ысқырып, не қысылап тұр. Күйеуім менің айқайыма жүгіріп келіп, "иә, бұл жарқанат!" деп айтты. Қорқынышты сезіндім бе? Шынымды айтсам, әлі күнге дейін шокта жүрмін. Оның мені тістеп алмағынының өзі керемет. 9 жасар қызымыз салат жапырағын өзі жиі алады. Егер жарқанат оны шағып алса..."- деді Ирина Вишненко.

Келесі күні ерлі-зайыптылар жағдайды анықтау үшін дүкенге барды.

"Әкімші жарқанат қоймада болуы мүмкін деп ескертті. Біз оған газетте жарияланатыны туралы хабарладық. Біздің мақсатымыз - сатып алушыларға сақ болуды ескерту. Пакет бірнеше себептермен дүкенге қайтарылды. Біріншіден, онда барлық тауарларды қайта қарау керек. Екіншіден, жарқанатты дұрыс жою үшін. Өйткені, ол қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Бізден кешірім сұрады ма? Жоқ. Олар ақшаны қайтаруды да ұсынған жоқ. Бұл жағдайға кім кінәлі екенін білмеймін, бастысы, қайталанбаса екен", - дейді Ирина.

Кейінірек журналистер ресми түсініктеме алу үшін супермаркет әкімшісі Темірлан Нусанбаевқа жүгінді. Ол республикалық дүкендер желісінің бас кеңсесіне сұраныс жазуға кеңес берді. Ол мұндағы жауапкершілік тауарды өндірушіге жүктелетінін атап өтті. Өндіруші Евгений Ионин (Ресей, Свердлов облысы) бұл пікірмен келіспейді.

"Бұл пакеттің менен сіздердің дүкендеріңізге дейін қанша қолмен өткенін елестете аласыз ба? Оны қалай тасымалдады , қалай сақтады - мен мұны білмеймін. Қаптама ашық, жарқанат кез-келген қоймада пакетке кіре алады. Біз жіберер алдында әр пакетті тексереміз. Менің ойымша, бұл дүкеннің жауапкершілігі, өйткені қабылдау кезінде олар тауарды мұқият тексеруі керек", - деді Евгений Ионин.

Журналистер супермаркеттер желісінің басшылығына және аймақтың санитарлық қызметіне ресми сұраныс жіберді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр