Тісін емдемеген ер адам жүрек қабынуымен ауруханаға жатқызылды
Ресейдің Киров облысында бірнеше жыл тісжегіні емдемеген ер адам жүрек бұлшық етінің қабынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам Кардиология мен неврология орталығына келіп, тұмау жұқтырған соң ентігіп қалатынын айтыпты. Тексерістен соң ер адамда ауыр жүрек жетіспеушілігі және жүрек құлақшасының қабынуы диагнозы қойылған.
Дәрігерлер мұның себебін іздеп, 40 жастағы азаматтың бірнеше жылдан бері тісжегіге назар аудармай келгенін анықтапты.
Тіс дәрігерлері тістерді алып тастағанымен, жүрек дерті жазылмаған. Сондықтан ота жасауға тура келген.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"