Тыржалаңаш суретін жариялаған қазақстандық блогер көпшіліктің ашуын келтірді
"Барби" атанған қазақстандық блогер, модель Динара Рахымбаева көпшіліктің ашуын келтірді. Желіде тыржалаңаш суретін жариялаған ол сын астында қалды.

"Әйел деген ең керемет әрі ең мықты жаратылыс", - деп жазды Динара парақшасында.
Динара Рахымбаева желіде неше түрлі суреттер жариялап, әртүрлі жазба жариялайды. Түрлі образдарымен танымал. Бірнеше пластикалық ота жасатқан қуыршақ қыз ел аузында "Барби" атанып кетті.
Бұл жолы қуыршақ қыз парақшасында тырдай жалаңаш суретін жариялады. Желідегі оқырмандары жаппай жағымсыз пікір қалдырып, ашуын білдірді.
"Бұныңыз артық болды", "Адам есіре берсе, азғындыққа жетелейді", "Мұны ұят деп ешкім көрмей ме?", "Тоқтау салар ешкім болмады ғой", "Осындай адамдар балаларды бұзады", "Жаратылысты айту үшін жалаңаштану керек пе?", - деп жазды олар.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді