"Тірнектеп жинағанымның түгі қалмады": Нұрлан Албанның үйінен өрт шықты
Нұрлан Албан шаңырағында орын алған жайсыз хабармен бөлісті. Әншінің жазғы үйінден өрт шығып, ондағы дүние-мүлкінің түгі қалмай өртеніп кетті. Болған жайтты өнер иесі Instagram парақшасында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі менің жағдайым осындай. Өнер сапына келгеннен бастап тірнектеп жинаған бүкіл аспаптарым, музыкалық құрылғыларым, жабдықтарым осылай өртеніп кетті.
Құрметті бауырлар, қазір күн өте ыстық. Өрттен абай болыңыздар! Жалпы қауіп-қатердің қайдан келетінін білмейміз ғой. Осыдан бір-екі жыл бұрын студиямды жапқан кезде сол студияма ән әлеміне байланысты тірнектеп жинаған музыкалық құрылғыларым осы жазғы үйде болған. Өрт шықты. Міне, түгі қалған жоқ.
Ең бастысы, бала-шағам, туған-туыстарым, бауырларым, ел-жұртым аман болса болды. Бас аман болсыншы, одан басқа ештеңенің қажеті жоқ", – деп бөлісті Албан.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған