Тимур Шалекенов Yandex Qazaqstan басшысы болып тағайындалды
Тимур Шалекенов Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы болды. Оның міндеттеріне компанияны басқару және Қазақстандағы сервистердің экожүйесін дамыту кіреді. Сонымен бірге ол технологиялар мен компанияның халықаралық тәжірибесінің көмегімен Қазақстанда пайдаланушылар мен бизнеске жаңа мүмкіндіктер жасау үшін жұмыс істейтін болады.

Тимур Шалекенов Яндекс-ке келгенге дейін BTS Digital холдингі шеңберінде қаржы-техникалық бөлімшелерді басқарды: Әлеуметтік әмиян (G2C), Жедел төлемдер жүйесі, Касса24-тегі электрондық қаржы сервистері және Finnovate-тегі токенизация өнімдері.
Тимур Шалекенов өзінің жаңа қызметке тағайындалуын былай деп түсіндірді:
"Менің продакт менеджменттегі бэкграундым, сондай-ақ жаңа сервистерді, өнімдерді және бизнес бағыттарын іске қосудағы тәжірибем маған Яндекс технологияларының әлеуетін тиімді пайдалануға және қазақстандықтар үшін көбірек мүмкіндіктер жасауға көмектеседі деп үміттенемін".
Yandex Qazaqstan жасанды интеллект технологияларының негізінде өнімдер мен сервистер жасайды. Елде компанияның 15-тен астам сервисі жұмыс істейді, оның ішінде іздеу және портал сервистері, сапарларға онлайн тапсырыс беру, жеткізу және тамақ сервистері, бұлттық және геосервистер, ойын-сауық сервистері және білім беру жобалары.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"