Құны 66 миллион доллар: Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 миллион доллар (29,5 миллиард теңге), ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі компания шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қойған. Сол залалды өтеу қажет болды.
2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаевтың меншігіне өткен екен.
26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар