Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тым болмаса ұлымның денесін тауып берсін": Атырау облысында із-түзсіз жоғалған туысын іздеген көпшілік әкімдік алында шу шығарды

12 қыркүйекте Атырау облысы Құлсары қаласында әкімдік ғимаратының жанында 50-ге жуық адам жиналды. Адамдар биліктің, олардың пікірінше, фермер-мал өсіруші Нұралы Нұртілеуовтің жоғалып кету фактісі бойынша тиісті шаралар қабылдамағанына наразы болды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жиналғандардың көпшілігі жоғалған адамның туыстары. Адамдар қолдарына фермердің үлкен фотосуретін, сондай-ақ  "Әділдік орнасын" , "Құзырлы органдар жұмыс істесін", "Жылыойдағы бассыздық Елбасына жолдансын", "Қылмыскер табылсын" деген жазуы бар плакаттарды ұстаған.

Наразы топ Нұртілеуовтің тірі емес екендігіне сенім білдірді, өйткені оны мал ұрлаушылары өлтірген деген ойда. Көпшілік тіпті мұны жасады деп ойлаған адамның атын айтып айқайлады. 

"Егер ол тірі болса, ол қайтып келер еді. Біз оны өлтірді деп ойлаймыз және осындағы мал ұрлайтындардың біреуі істеді деп күдіктенеміз.  Ол бұрыннан бері мал ұрлығымен айналысқан және қандай да бір себептермен әрдайым жазасыз қалады"- деді туыстарының бірі.

"Тым болмаса ұлымның денесін тауып берсін. Полиция күдіктімен кездесу ұйымдастырамыз деп уәде берген, бірақ оны көрсетпеді.  Егер ол ұсталса, онда ол қайда?"- деп сұрады жоғалған адамның 80 жастағы анасы.

"Мен Нұралының ағасымын. Полиция егер Нұралының денесі табылмаса, онда қылмыстық іс қозғалмайды деп отыр. Ол ... бұрыннан мал ұрлығымен айналысқан, енді адамдарды ұрлай бастады", - дейді Қойбағар Нұртілеуов.

Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов тұрғындарды тыныштандырып, шыдамдылық танытуға шақырды.

Кейін аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерболат Досмағұлов "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, жедел-тергеу тобы құрылғанын хабарлады.

Жоғалған фермерді іздеуге тікұшақ қосылды, бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ.

6 қыркүйекте "Боздақ" шаруа қожалығының 47 жастағы басшысы Нұралы Нұртілеуов жылқыларын іздеп далаға шығып, жоғалып кеткен. Фермердің қыстауы Құлсарыдан 100 шақырым жерде Қарамұрат деген жерде орналасқан. Ферма қожайыны жылқыларының әдеттегідей құдыққа келмегенін біліп, оларды мотоциклмен іздеуге кеткен.

7 қыркүйекте оның отбасы облыстық әкімдікке жүгінді, содан кейін төтенше жағдайлар қызметкерлері екі көлік пен еріктілер іздеуді бастады, содан кейін олардың қатарына қызметтік иті бар полиция қызметкерлері қосылды.

 

Талқылау