Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тілін білмесек те, жүрекпен сөйлестік": Еркін Нұржанов кубалық боксшы Алексис Рубалькабаның алдында ән шырқады

Танымал әнші Еркін Нұржанов әлемге әйгілі спорт шебері, боксшы Алексис Рубалькабамен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erkin_nurjanov_official/

Өнер иесі Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің шаңырағында қонақ болды. 

“Түркістан облысында Алматаудың төрінде, абадандар арасында ағаларыма құрмет көрсетіп келіп қалдық. Кешкісін шаңырағында керемет сұхбат болды. Мұхтархан аға айтпақшы тілін білмесекте жүрекпен сөйлестік. Сиднейде қазақтың намысын жыртқан Мұхтархан ағамыз және Алексис Рубалькабаның рингте қарсылас болғанымен өмірдегі достықтары бір төбе екен. Мұхтархан аға, мен сіздің орныңызда болсам, “олимпиада жақсы ғой бірақ, денсаулық та керек” деп шықпай қалар ма едім. Батырсыз!”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, "Еркін Нұржановтың саусағын сындырдым" деп Ердос Қанаев қызықты оқиғасын бөліскен еді. 

 

Талқылау