TikTok-тан Қайрат Нұртастың "егізі" табылды
TikTok әлеуметтік желісінен Қайрат Нұртастан аумайтын жігіт табылды. Turandos есімімен тіркелген азаматты көпшілік хитменнің "егізіне" ұқсатты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайратқа ұқсайтын жігіттің 620 ғана оқырманы бар. Есесіне желіде жариялаған небәрі 5 видеосына қалдырылған лүпілдер мен пікірлер саны толассыз. Оқырмандардың басым дені оның Қайратқа ұқсайтынын айтқан.
"Әли-Экспресстен келген Қайрат Нұртас", "Қайрат деп ойлап қалдым", "Қайраттың ағасымын десеңіз, елдер сенеді", "Копия", "Алланың құдіретін-ай, қатты ұқсайды екен Қайрат Нұртасқа", "Қайраттың сыңары, копия ғой", "Бауырым, баласы емессің ба? Аумай қалыпсың", - деп таңданды оқырмандар.
Ал жас жігіттің өзі ешқандай ақпарат қалдырмаған. Видеоларда Қайраттың әнін қосып, дайындықта жүргендей түр келтірген.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"