Threads әлеуметтік желісі 48 сағат ішінде 70 миллионға жуық пайдаланушы жинады
Жаңадан қосылған Threads әлеуметтік желісі 48 сағат ішінде 70 миллионнан астам пайдаланушы жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды ақпаратты Meta компаниясының құрылтайшысы Марк Цукерберг қуана хабарлады.
"Қолданба 6 шілдеде қолданысқа берілгенімен, біз күткеннен де жоғары нәтиже беруде", - деді ол Threads парақшасында.
Қосымша Twitter сияқты жұмыс істейді: мәтіндік хабарламаларға лүпіл басуға, бөлісуге және комментарий білдіруге болады.
Еске сала кетейік, Threads қосымшасы 6 шілде күні іске қосылды. Ол 48 сағат ішінде 70 миллионнан астам пайдаланушы жинады. Аталған қосымшаны басқа да желілермен салыстырып қарасақ: Instagram әлеуметтік желісі алғаш қосылған тәулік ішінде 25 000 қолданушы жинаса, Telegram іске қосылғаннан соң үш ай ішінде 1 миллион рет жүктелген.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”