Жылдап үй кезегін күткен 36 мыңнан астам қазақстандық баспаналы болды
Отбасы банк 2025 жылдың басынан бері тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған 39 536 қазақстандықтың қоныс тойын тойлауына көмектесті. Бұл отбасылар үшін жылдар бойы күткен өз баспанасына қол жеткізіп, көптен бергі арманын жүзеге асыруға мүмкіндік болды.
Банк ұсынған "2-10-20," "5-10-20," "Наурыз" және т.б. мемлекеттік бағдарламалары жаңа үйге көшу мүмкіндігін қолжетімді ете түсті. Сондай-ақ жылдар бойы тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған қазақстандықтар банктің басқа бағдарламаларының тиімді шарттары арқасында баспаналарының кілтін алды. Олардың қатарында өңірлік жастар бағдарламалары, "Әскери баспана", "Наурыз Жұмыскер", "Жасыл ипотека", "Жас отбасы" бағдарламалары және банктің нарықтық бағдарламалары бар. Ал несие мөлшерлемесі 3,5%-дан басталады.
Баспана кезегінде тұрған 15 282 азамат 2025 жылы тиімді шартпен үйлі болды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тағы 10 854 қазақстандық банктің тұрғын үй бағдарламаларының көмегімен жеке пәтер мен үй сатып алды.
Банк ұлттық даму институты ретінде аса мұқтаж азаматтарға 15 511 жалдамалы пәтер таратты. Енді олар жайлы әрі қауіпсіз жағдайда өмір сүріп жатыр.