Tesla Toyota-ны басып озып, әлемдегі ең қымбат автомобиль өндірушісіне айналды
Америкалық электромобиль өндірушісі Tesla Toyota-ны басып озып, әлемдегі ең қымбат автомобиль концерніне айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сәрсенбіде Tesla-ның акциялары 5 пайызға өсіп, компанияның нарықтық капитализациясын 209 миллиард долларға дейін көтерді, бұл қазіргі уақытта Toyota-ны бағалаған инвесторлардың сомасынан 6 миллиардқа артық.
Tesla биржада General Motors Co және Ford Motor Co-ға қарағанда үш есе қымбат.
2020 жылдың басынан бері Tesla акциялары 163 пайызға өсті. Сарапшылардың пікірінше, акциялардың өсуі инвесторлардың электромобильдердің болашағына деген сенімін білдіреді.
Бірнеше жылдық шығындардан кейін концерн енді ғана пайда көріп жатыр, 2019 жылы 24,6 миллиард доллар пайда көрді. 2019 жылы авто концерн 367 200 автомобиль жеткізді. 2020 жылы компания басшысы Илон Маск кем дегенде 500 000 автомобиль жеткізуге уәде берді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”