Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теннистен ATP рейтингі жаңартылды

Теннис кәсіпқойлары қауымдастығы (ATP) өзінің ресми сайтында жекелей және жұптық разрядтар бойынша спортшылардың жаңартылған рейтингтерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympics.com

Теннис кәсіпқойлары қауымдастығы (ATP) ерлер арасындағы жекелей разряд бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңа рейтингте көшбасшылар мен төменгі орындардағы ойыншылар арасында бірқатар өзгерістер болды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екі саты төмен түсіп, қазіргі таңда 78-орында тұр. Ал ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александр Шевченко керісінше, екі орынға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.

Рейтингтің жоғарғы бөлігінде де өзгерістер орын алды. Италиялық Янник Синнер әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалды. Ал испаниялық Карлос Алькарас неміс Александр Зверевті ығыстырып, екінші орынға көтерілді.

Бұған дейін Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) да Штутгартта өтетін турнир қарсаңында жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтингті ұсынған болатын.

Талқылау