Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теннисші Юлия Путинцева жаңа рекорд орнатып, әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева өз мансабындағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, әлемдік рейтингте 25-орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) маусымның алғашқы турнирлерінің қорытындысы бойынша әлемдік рейтингті жаңартты. Бұған дейін Путинцева үшін ең жоғары көрсеткіш – 27-орын болған.

Рейтинг жаңартылғаннан кейін Юлия Путинцева Аустралияның Аделаида қаласында өткен турнирдің 1/16 финалында әлемнің 19-ракеткасы Донна Векичпен кездесіп, 6:2; 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары:

  • Елена Рыбакина – 6-орын;
  • Юлия Путинцева – 25-орын;
  • Жібек Құламбаева – 316-орын;
  • Зарина Дияс – 381-орын.

Айта кетейік, Юлия Путинцева мансабында үш рет WTA титулын жеңіп алып, үш рет Үлкен дулыға турнирлерінің ширек финалына жеткен. Теннисші Мәскеуде дүниеге келген, бірақ кәсіби жетістіктері 2012 жылы Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін басталды.



Еске салайық, бұған дейін денсаулығына байланысты Париж олимпиадасына қатыспаған Путинцева Қытайдағы турнирде жеңіліс тапқанын жаздық. Ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен ойнап, ұтылып қалды. Үш сетке созылған ойында 6:4, 1:6, 7:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Сонымен қатар ол Олимпиада ойындарынан бас тартқаны үшін қазақстандықтардың сынына қалған еді.

Талқылау