Елена Рыбакина United Cup жартылай финалында польшалық қарсыласынан жеңіліп қалды
Қаңтардың 3-інен 4-іне қараған түні Аустралияда United Cup командалық жартылай финалдық кездесуінің екінші ойыны аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Турнирде әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина мен WTA рейтингінде екінші орындағы ойыншы Ига Швёнтек өнер көрсетті. Ойын Польша теннисшісінің пайдасына 7:6 (7:5), 6:4 есебімен аяқталды.

Матч 2:0 жалпы есебімен аяқталып, Польша құрамасы United Cup финалына шықты.
Еске салсақ, бұған дейін Елена Рыбакина 2025 жылды жеңіспен бастағаны айтылды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
