Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған
Семейде сауда орталығына келушінің аяғы эскалаторға қысылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 пультіне Семей қаласының сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен.
“Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қажетті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатты”, – делінген хабарламада.
Аяғын шығарған соң әйел қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн