Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсіп жатыр

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавируспен ауырған 10 адам анықталды. Ауырғандардың бірі - Атырау қаласының тұрғыны, тоғызы - Теңіз кен орнының жұмысшылары.

Теңізшевройл

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақта 54 адам ауруханада коронавирустан емделіп жатыр, оның 28-і Атырау облыстық №2 жұқпалы аурулар ауруханасында, 26 науқас Теңіз кен орнының жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. 133 науқас үйде ем қабылдауда.

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы 15 қазанда Атырау облысында алты адам коронавируспен ауырғанын, оның ішінде үшеуі - Атыраудан, біреуі - Қызылқоға ауданынан, екеуі - Теңіз кен орнының жұмысшылары екенін хабарлаған.

14 қазанда Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды. Ауру жұқтырғандардың сегізі Атырау қаласының тұрғындары, 1 адам Жылыой ауданынан, 1 науқас Теңіз кен орнының қызметкері.

Соңғы аптада Атырау облысында күн сайын коронавирус жұқтырған 5-10- адам анықталды.

Талқылау