Теңіз мұнай-кен орнында коронавирус өршіп тұр: Бір топ медқызметкерлер жөнелтілді
COVID-19-мен ауыратын науқастар санының өсуіне байланысты Теңіз кен орнына қосымша мамандар жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Теңіз кен орнында 315 төсек-орындық инфекциялық стационарда он бес маман жұмыс істейді. Бүгінде мұнда 111 науқас емделуде. Осылайша, аурухананың жүктемесі 35,2% - ды құрайды", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кен орнына тағы сегіз маманды, оның ішінде екі дәрігерді, екі медбикені және төрт санитарды жіберу туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта коронавирустың таралуына байланысты Атырау облысы "сары" аймаққа көшті.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен