Теңіз кен орнының жұмысшылары ПТР нәтижелерін қолдан жасаған
Теңіз кенішіндегі жұмысшылары Covid-19 анықтайтын ПТР сынақтарының нәтижесін бұрмалағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы компанияның үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артыгалиев онлайн брифинг барысында хабарлады.
"Кейбір жұмысшылар блок-бекеттерден жалған ПТР нәтижелерін көрсетіп, өтіп кеткені белгілі болды. Мұндай жалған анықтама ұсынғандардың рұқсат қағаздары кері алынды. Факті бойынша құзырлы органдарға хабар беріліп, тергеу жұмыстары басталды", - дейді ол.
Еске салайық, Теңіз кен орнында қатаң карантиндік шаралар сақталады, санитарлық бекеттер жұмыс істейді, оқшаулау жүргізіледі. Барлық жұмысшылар кезекшілікке келген кезде және Теңізден шыққан кезде ПТР сынағынан өткізіледі.
Еске салсақ, Теңіз кең орнында тағы да коронавирус өршіп, 15 дәрігер жіберілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"