Tengri Bank-тен 5,4 миллиард теңге ұрланды
Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іске қатысты ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктілердің қатарында Tengri Bank АҚ-ның бұрынғы топ-менеджерлері бар.
"9 қарашада Алматының тергеу соты Б.А. Ілиясовқа, Ә.У. Жадықовқа, Н. М. Жылқыбаеваға қатысты екі айға дейінгі мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмеген", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталғаны хабарланды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"