Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңіздегі тәртіпсіздіктер: 30 адам дәрігер көмегіне жүгінді

Теңізде болған тәртіпсіздік салдарынан 30 адамға медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Атыраудағы көтеріліс

«Медициналық пунктіде 30 адамға дәрігерлік көмек көрсетілді. Қазір олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Қайтыс болғандар жоқ», - деді әкімдіктегілер. 

Теңіз вахталық ауылындағы жұмысшылармен қала әкімінің бірінші орынбасары кездесті. Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore жұмысшыларымен кездесу барысында кен орнындағы жұмысқа қатысты мәселелер талқыланып, тұрмыстық кикілжіңнің мұндай ауқымды көлемге ұласуына жол беруге болмайтыны туралы айтылғаны белгілі болды. 

Аталған шиеленіске қатысты жағдайды мемлекеттік органдардан бөлек, компания өкілдері кіретін ведомство аралық комиссия шешетін болады. Комиссияны облыс әкімінің бірінші орынбасары шешеді. 

«Кездесулер нәтижесінде жұмысшылардың әрқайсысы өз орнына тарады. Жағдай тұрақты», - деді әкімдіктегілер. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Атырауда мұнайшылардың көтеріліске шыққаны туралы хабарлаған едік. Аталған көтеріліс шетелдік азаматтың қазақ қызымен бірге түскен суретін WhatsApp желісіне қоюмен байланысты туындаған. 

Талқылау