Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңгеге не болды – бұл сұрақ неліктен ешкімнің басын қатырмайды?

Тауарлардың бүкіл желісіне баға белгілеу мәселесіне қатысты қоғамда сұрақ көп туындап жатыр. Кейінгі уақытта жанар-жағармайдың ғана емес, азық түліктің де, құрылыс материалдарының да бағасы өсіп шыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Жанар-жағармайдың бағасы неге қымбаттап барады? 

Алдымен талдау үшін ұлттық валюта – теңге жөнінде аздаған статистиканы келтірсек. 2018-2021 жылдары ұлттық валютаның бағамы АҚШ долларымен салыстырғанда шамамен 30% әлсіреді. 2018 жылдың басында бір доллар 327,01 теңге болса (ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша), 2019 жылдың шілдесінде теңгенің бағамы бір доллар үшін 426,47 теңгеге шарықтап шыға келді. ҚР Ұлттық банкінің нұсқасы бойынша доллар бағамы жекелеген кезеңдерде 447,67 теңгеге дейін көтерілгені тағы бар.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша инфляцияның жылдық қарқыны мына көрсеткішті құрады:

Бөлшектік баға көрсеткіші:

- Аи-92 бензині – 8% – 2018 жылдың басында литрі 159 теңгеден 2021 жылдың шілдесінде литрі 172 теңгеге дейін сатылды. 2019-2020 жылдар аралығында бензиннің бөлшектік бағасы тіпті литріне 148-150 теңгеге дейін төмендегенін атап өту керек. Аи-92 бензині литрінің орташа жылдық бағасының өсімі 2,0% құрады;

- дизельдік отын – 25% – 2018 жылдың басында литрі 158 теңгеден 2021 жылдың шілдесінде литрі 198 теңгеге дейін сатылды. Дизельдік отынның литрінің орташа жылдық бағасының өсімі 7,0% құрады;
Елде жанар-жағармайдың бөлшектік нақты бағасы аталған кезең бойы инфляцияның жылдық қарқыны шегінде, ал бензин бойынша тіпті төмен болғанын атап өту керек.

Яғни теңге арзандағанымен, жанар-жағармай бағасы мүлде өзгермейді.
Ал мына кестеде Қазақстанның жанар-жағармай нарығындағы АҚШ долларымен есептегендегі бөлшектік баға өзгерісінің динамикасы:

2018 жыл мен 2021 жылдар аралығында Аи-92 бензинінің бағасы АҚШ долларымен қайта есептегенде 20% азайды. Ал дизельдік отынның бағасы 5% арзандады.

Теңге бағамының төмендеуімен отынның құны доллар эквивалентімен есептегенде едәуір төмендеп барады.

Егер есептеу кезінде ұлттық валютаны пайдаланар болсақ, доллар бағамы жайлы неліктен сөз қозғаймыз?

Экспортқа шығатын да, ішкі нарыққа қолданылып отырған мұнайдың бағасы АҚШ долларымен салыстырылған теңге құнына қарай құбылады. Ал бұл немен байланысты?

Инвестициялар. Қазақстандағы мұнай өндіру нарығының басым салмағы шетелдік капиталмен, қытайлық инветициялармен немесе әлемдік мұнай гиганттарының инвестицияларымен игерілген. Саланы дамыту үшін шетелдік валюта бойынша шет елдерден инвестиция тартылады. Яғни логикаға сәйкес, инвесторлардың мүддесі барынша қорғалған. Әйтпесе Қазақстан инвестициялық тартымдылығын жоғалтып алады.

Демек, ішкі нарыққа мұнайды жеткізген кезде мұнай өңдейтін компаниялар жанама болса да мұнайдың әлемдік деңгейде құбылуына және АҚШ долларымен қайта есептегендегі ішкі нарықтағы мұнайдың құнына баса мән беріп, сол арқылы жұмыстың бағыт-бағдарын белгілейді.

Келесі мәселе: инвесторлардың салықтық міндеттемелері. Біз әлбетте, мұнайшыларға салық салу жүйесінің түгел дерлігі жайлы сөз қозғамаймыз. Рентті салық, экспорттық кедендік баж бен шикізат экспортына байланысты басқа да салықтар шетелдік валютаға тәуелді екені белгілі.

Пайдалы қазбаларды игеруге салынатын салық. Салық кодексінің 741 бабына сәйкес, салық ставкасы АҚШ долларымен есептелетін шикізаттың әлемдік деңгейдегі құбылуына қатты байланған. Ішкі нарыққа мұнайды жеткізу барысында 0,5 деңгейінде төмендетілген коэффициент қолданылады, алайда салық ставкасын есептеу әдісі дегенмен АҚШ долларына байланып қала береді. Яығни ішкі нарыққа жеткізу барысында пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық теңгемен төленсе де, АҚШ долларымен есептеледі.

Сол себепті "бір тілде" сөйлеу үшін мұнай саласындағы есеп-қисаптың бәрін бір ортаға келтіру керек. 

Ақыры біздің қолымызда не бар? Біздің мемлекетіміз әлемдік экономиканың қатысушысы екенін ескеріп, ішкі салық жүйесінің, есептеу әдістемесінің, инфляцияның қазіргі динамикасының барлық қыр-сырын есепке ала отырып, Қазақстанның өз ішінде отынның бағасы өспей, төмендеп барады. Сіз, бәлкім, мұны нонсенс деп атарсыз, бірақ АҚШ долларымен қайта есептегендегі мәліметтер дәл осыны көрсетіп отыр.

Globalpetrolprices.com мәліметтері бойынша әлемдегі жанар-жағармайдың бөлшектік бағасы:

Ұлттық валюта бағамының әлсіреуі – Қазақстанда отынның арзан болуының өткір себептерінің бірі. Қазақстан жалпы отыны арзан мемлекеттердің бірі саналады. Алайда теңге бағамының әлсіреуі аясында ресейлік рубльдің тұрақсыздығына салыстырғанда Қазақстанда бөлшектік бағаның арзандағаны айқын көрінеді. Ресей, Сауд Арабиясы мен БАӘ секілді мұнай өңдеу мен өндіру саласындағы көшбасшы мемлекеттерде Қазақстаннан қарағанда отын 50% қымбат.

Сонымен қатар Қазақстанның өз ішінде отынның бағасының арзан болуы Ресейден мұнай өнімдерін импорттау мүмкіндігіне үлкен ықпалын тигізеді. Себебі РФ мен ҚР-да мұнай өнімдерінің бағасын белгілеу РФ Қара теңіз порттарының экспорттық баламасы негізінде қалыптасатын атап өту керек. Келісімшарттарға АҚШ доллары арқылы қол қойылады. Қазақстанның жаппай және бөлшектік нарығындағы баға деңгейі РФ-дан мұнай өнімдерін импорттауға мүмкіндік бермейді. Себебі ресейлік және әлемдік нарықта баға Қазақстаннан қарағанда едәуір жоғары.

Міне, сондықтан мәселенің мәнісін зерттеп көрсеңіз, біздің қоғамдағы "тойымсыз мұнайшылар" туралы пайым бұрыс екенін аңғаруға болады.
 

Талқылау