Теңге тағы құнсыздана түсті
Фото: pixabay.com
25 шілде таңертең Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың ашылуында ұлттық валюта долларға шаққанда 545 теңгеге дейін құлдырауын жалғастырды. Ал сауда көлемі 102 млн долларға жеткен, бұл валюта нарығына қатысушылардың белсенділігі жоғары екенін көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kurs.kz сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 540 теңгеден сатып алынып, 547 теңгеден сатылып жатыр. Алматыда сатып алу бағасы 542-545 теңге аралығында құбылып тұрса, сату бағамы – 546-547 теңге аралығында.
Кеше, 24 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,29 теңгеге көтеріліп, 541,93 теңгеге жеткен еді.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында теңгенің болашағына қатысты болжамын айтып, доллар бағамы орташа 540 теңге болатынын айтқан еді.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген