Теңге тағы 4 теңгеге құлдырады
Қазақстандық қор биржасындағы таңғы сауда-саттықтың нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 471,13 теңгені құрады. Теңге екінші күн қатарынан құлдырауда. Наурыз айының соңында біршама нығайғанымен, тағы 4 теңгеге құлады.
31 наурыз күні кешкі уақытта доллардың орташа құны 467,03 теңге болды.
Kurs.kz порталының мәліметі бойынша, айырбастау пункттері долларды 471-472 теңгеден сатып алып, 475 теңгеден сатуда.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылдың наурыз айында ведомство 1 млрд долларға валюталы интервенция жасады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған