Теңге құлдырап, доллар көтерілді
Бүгін Қазақстанның ұлттық валютасы құлдырап, АҚШ доллары 355 теңгеге дейін көтерілді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 353,53 теңгені құрады. Кейбір ақша айырбастау орындарында шетел валютасы 352 теңгеге сатып алынып, 357 теңгеге сатылып жатыр.
Көрші Ресейде де рубль төмендеп, АҚШ доллары 66 рубльге қымбаттады. Бұл көрсеткіш АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген жаңа санкцияларына байланысты орын алды. Ал, ол өз кезегінде Қазақстанның да экономикасына әсер етпей қоймады.
Естеріңізде болса, осы аптаның басында ұлттық валюта айтарлықтай көтеріліп, доллар төмендеген болатын. Ал, бейсенгі күнгі сауда-саттықтың қорытындысына сүйенсек керісінше теңге әлсіреп, шетелдік валюта көтерілген.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген