Теміртауда зейнеткердің танысы оның алты миллион теңгеден астам ақшасын ұрлаған
Теміртауда зейнеткердің танысы оның сеніміне кіріп, алдап-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға Теміртау қаласының 82 жастағы тұрғынынан өтініш түскен. Зейнеткердің банктерінің бірінің мобильді қосымшасы арқылы 6 млн 175 мың теңгесі ұрланған. Банктен оның шотында ақша қалмағаны туралы хабарлама түскен. Оны кезде ер адам алданғанын түсініпті.
Полиция қызметкерлері 24 жастағы күдіктіні ұстады. Ол зейнеткердің жақын танысы және оған дүкенде ақша төлеуге көмектескен. Сонымен қатар банк картасын пайдаланып, басқа да сатып алулар жасасқан.
Күдікті кінәсін мойындап, зейнеткердің жинақтарын ұрлап, ақшаны өз шотына аударғанын айтты. ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан