Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда тұрғын үйлер ауласында адамды өртеп жіберген

Теміртауда қасгөйгер тұрғын үй алдына алдында адамды өртеп жіберген.

Оқиға Теміртау қаласындағы «Витория» дүкенінің жанында болған. Куәгерлер адам мәйітін қылмысты жою үшін өртегенін айтады, деп хабарлайды Жас алаш газеті.

Куәгерлердің айтуынша, адамды тірідей емес, өлі күйінде өртеген болуы мүмкін.

«Мен адам сүйегін жинап жатқан полицейлерді көрдім. Мәйіттен дым қалмаған. Тек бөлшектеп сүйектерін салып алып кетті. Оттың қатты жанғаны сол алып ағаштарды да шарпып кеткен. Қылмыскерлер алдымен адамды өлтірген, кейін жаққан. Оқиға түнгі үште болғандықтан жалынды ешкім байқамаған», —  дейді куәгер Раиса Молдабекова.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысы Жанатай Сембеков қылмыстық іс қозғалып, қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Оқиғаға қатысты полицейлер тұрғындардан жауап алуда.

Тағы да оқыңыз:

Қытайдан келген қазақ: Сауыт кигізіп 12 сағат қинады, ассалаумағалейкум деп сәлем бермейсің деді

Ақтауда қыз бен жігіт теңіз жағасында жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсті

Тоқал болуды кәсіп еткен астаналық қыз: Мен ғана емес, құрбыларым да шенеуніктердің тоқалы болып жүр

Талқылау