Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда кассирді пышақпен қорқытып, тонап кеткен ұры ұсталды (видео)

Теміртауда кассаға шабуыл жасаған ер адамды полиция қызметкерлері қолға түсірді. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

6556

27 тамыз күні қаладағы ЖСШ менеджерлерінің бірі полицияға хабарласып, белгісіз ер адамның әйнекті сындырып, пышақпен қорқытып, 174 мың теңгені алып кеткенін айтады.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында жол-патрулдік полициясы 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмыс жасағанын мойындады, күдіктіні зардап шегуші де таныды. Ұсталған ер адам қазір тергеу изоляторында, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр”, – деп хабарлады ІІД.

Видеода ер адамның ғимарат ішіне кіргені байқалады. Ол бірден әйнекті жұдырығымен ұрып сындырып, ішке қарай басын сұғып, қызды итеріп, кассадан ақша алғаны көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда дәретханадан өлі табылған балаға бас-көз болуы тиіс ересектер ұйықтап жатқан

Апат: Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты жаңа дерек шықты

Астанада әйел сәбиімен бірге 12 қабаттан құлап кетті

Грузияда Қазақстан азаматы тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, 5 адам қаза болды

Талқылау