Теміртауда бірнеше жігіттің бір адамды жабылып ұрғаны видеоға түсіп қалды
Теміртауда жастардың арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желідегі жазбаға сенсек, жаға жыртыс Тәуелсіздік даңғылында орын алған.
Бейнежазбада ер азаматтың полиция шақырамын деген дауысы естіледі. Дегенмен, оқиға жайлы ешкім хабар бермеген. Қарағанды облысының ПД мәліметінше, төбелеске қатысы барлардың бірі қолға түскен.
"Қазіргі уақытта Теміртау қаласы ПБ Старород полиция бөлімінде ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жедел іс-шаралар өткізу барысында төбелеске қатысты 16 жастағы жігіт ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Жанжалдың қалған қатысушылары мен оқиғаның мән-жайы анықтауда", – делінген ПД хабарламасында.
Құдайы тамаққа мас болып келген: Алматы облысында жаппай төбелес ұйымдастырғандар жазаланды
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда футболшылар жаппай төбелес шығарғаны айтылған еді.
Видеода балағат сөздер айтылады.