Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда футболшылар арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтанда футболдан өткен жарыста ойыншылар жаппай төбелесті. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

төбелес

Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Полиция мәліметінше, жаға жыртыс SanSet және "Барыс" әуесқой футбол топтарының ойыншыларының арасында болған. Қазіргі таңда тәртіп бұзғандар полиция бөліміне жеткізіліпті. 

"11 қыркүйек күні Тұран даңғылындағы "Сайран Арена" футбол алаңында "San Set" және "Барыс" әуесқой футбол клубы арасында жоспарланған матч өтті. Ойын барысында футболшылар арасында жанжал туындаған. Орын алған оқиғаға қатысты полицияға хабарлама келіп түскен соң, жанғалға қатыстылар "Есіл" аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Кінәлілерге қатысты әкімшілік іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында.

Оқиға бойынша іс қозғалып, сотқа жөнелтілді. Жанжалға қатыстылармен профилактикалық әңгіме өткізілді.


 

Талқылау