Құдайы тамаққа мас болып келген: Алматы облысында жаппай төбелес ұйымдастырғандар жазаланды
Алматы облысында жаппай төбелес ұйымдастырғандар жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 34 жастағы тұрғын үйінде ас берген. Туыстарының бірі құран оқуға мас күйінде келген көрінеді.
“Іс-шара барысында үй иесі мен қонақтардың бірінің арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Олардың бірі мас болған. Туыстары ер азаматтарды ажыратып алған. Олардың ешқайсысы оқиға жайлы полицияға хабар бермеген”, – делінген полиция хабарламасында.
Департамент өкілдері тексеру жүргізілгенін және оның нәтижесінде карантин ережелеріне бағынбағаны үшін үй иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті. Бұған қоса, жаға жыртысқа себеп болған азаматқа қатысты да іс қозғалған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында ауылдастар жаппай төбелес шығарғаны айтылған еді.
Әйел 20 мың теңгені ұсақтау үшін 2 500 теңге комиссия ұстаған қазақстандық банкке шағымданды
Бұл жағдай желіде де қызу талқыға түсті
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады